29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

СҚО ПД басшылығы патрульдік полицейлерге сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары туралы айтты

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің басшылығы патрульдік полицейлерге сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – құқық қорғау органдарының айнасы. Бұл бөлімше азаматтармен күнделікті тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, заң талаптары мен қызметтік тәртіпті қатаң сақтау ерекше маңызды.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов облыстық патрульдік полиция батальонының басшылығы және жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді. Қызметкерлерге Ішкі істер министрлігі құрылымындағы заңдылықтың жай-күйі туралы шолу жасалды. Ол патрульдік полиция қызметкерлеріне қызмет барысында және тұрмыста заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарынан аулақ болуға шақырды.

– «Бармақ басты, көз қыстылықтың» кесірі сіздердің қызметтеріңізге тиеді, болашақта балаларыңыздың мемлекеттік қызметке орналасуына да кедергі келтіреді. Олардың болашағын ойлаңыздар. Заң бұзушылықтарға, оның ішінде полиция қатарындағы фактілерге мүлдем төзбеушілік – бұл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «Заң және тәртіп» қағидатын іске асырудың басты шарты, – деп атап өтті Ысмағұлов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *