На сайте проводятся технические работы


Попробуйте зайти позже

Региональный информационный портал

МӘМС бойынша жеңілдік кезеңі ұзартылды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылмағандарға медициналық көмекті алу құқығы ұзартылғандығы туралы хабарлайды.

ӘМСҚ-ға аударымдар мен (немесе) жарналар түсірмеген тұлғалардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап МӘМС-ке толық көшу үшін қажетті дайындық жұмыстарын жүргізді. Алайда, қазіргі жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сақтандырылмағандарған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды», — деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов атап өтті.
Осы мерзімге дейін елдің барлық азаматтары, МӘМС қатысушы статусына қарамай, шартты сақтандырылған болып саналады және медициналық көмекті алуына тиіс деп түсіндірді Қорда.
Қазір елде шамамен 16,4 миллион адам сақтандырылған. Оның ішінде 11 миллионға жуығы — әлеуметтік осал топтардың өкілдері. Олар үшін жарналарды мемлекет жасайды. Осылайша, ел халқының жартысынан көбі автоматты түрде сақтандырылған.
ӘМСҚ жүйенің қаржылық операторы болып табылады. Оның жеткізушілері болып табылатын медициналық ұйымдар өзінің медициналық қызметтерін көрсетіп болғасын Қордан ақы алады. 2020 жылға 1250-ден астам медициналық қызмет көрсетушілермен шарттар жасалды, олардың 650-ден астамы мемлекеттік, 600-ден астамы жеке меншік. Жасалған келісім-шарттардың сомасы 1,3 трлн теңгені құрайды, оның ішінде 877 млрд теңге — ТМККК және 432,5 млрд теңге — МӘМС.
Қазақстанда МӘМС жүйесі 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Өткен кезеңнің қорытындылары бойынша бұрын ақылы болып есептелетін КТ/MРТ, ультрадыбыстық қызметтердің тұтынуы өсуі байқалады. Сондай-ақ, оңалту және қалпына келтіру емдеріне де сұраныс бар.
Қор пациенттердің құқығын қорғауға бағытталғандықтан, медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтерінің сапасын тексергеннен кейін ғана, олар бойынша ақысын төлейді.
Жеңілдікті кезеңінде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, жарналарды төлеп, МӘМС қатысушысы болуы тиіс.
«ӘМСҚ» КЕАҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *