29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: СҚО-да өңірлік жоспар қабылданды

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «СҚ жоғары кәсіби-педагогикалық колледж», «Е.Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжі» және «Б.Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжіне» барды. Колледждердің директорлары және мамандармен кездесуде Мемлекет басшысының бастамасымен «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында міндеттерді жүзеге асыру талқыланды.

Облыста «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өңірлік жоспар қабылданды, оның аясында  47 түрлі шара өткізілмек. Мемлекет жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы мәртебесін өсіруге, жастарға кәсіби бағдар беруге ден қояды. Мектеп түлектері жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсініп, оларды болашақ кәсібі ретінде таңдауы өте маңызды. Сонымен қатар, жұмысшы мамандарды еңбекпен қамту да маңызды.

Облыста 24 колледж бар, олардың 13-і жұмысшы кадрларды даярлайды. 11 мың студенттің 3,8 мыңы жұмысшы мамандықтарында білім алады. Біздің колледждер заманауи қондырғылармен жабдықталған, бұл студенттерге сапалы білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде еңбек нарығында механизатор, инженер, электрик, токарь, құрылысшы, дәнекерлеушілер сұранысқа ие. Осы мәселені шешу үшін колледждерге жұмысшы мамандықтары бойынша қосымша 105 грант бөлініп, оның жалпы саны 1742 жетеді. Дуальды оқыту бойынша студенттер саны 2,6 мыңнан 3 мыңға дейін көбейтілмек. Осы бағдарлама аясында колледждер 300-ден астам кәсіпорынмен ынтымақтасып, 1 мыңнан астам келісімшарт жасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *