29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

ҚТЖ еліміздің ЖЭО-на нормативтік көрсеткіштерден жоғары көмір жеткізді

поезд фото ктж

2024-2025 жылдарғы жылыту маусымына дайындық барысында ҚТЖ елдің жылу электр орталықтарына (ЖЭО) 26 млн тоннадан астам көмір жеткізді, бұл нормативтік көрсеткіштерден артық. Коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін 3 млн тонна көмір тасымалданды.

2024 жылғы 14 қазанда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еліміздің ЖЭО-на нормативтік көрсеткіштерден жоғары көмір жеткізгені туралы хабарлады. 2024-2025 жылдарғы жылыту маусымына дайындық кезеңінде 29 млн тоннадан астам көмір темір жол арқылы тасымалданды. Оның ішінде 26 млн тоннасы ЖЭО-ларға, ал 3 млн тоннасы коммуналдық-тұрмыстық секторға бағытталды.

Қазақстанның жылу электр орталықтарында нормативтік көрсеткіштерден асатын 5,4 млн тонна көмір қоры жинақталды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға артық. Қазіргі таңда коммуналдық-тұрмыстық сектордың қажеттілігі 8,2 млн тоннаны құрап отыр, ал көмір тұйықтарында 600 мың тоннадан астамы бар.

ҚТЖ-да көмір тасымалдау бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін үйлестіру штабы құрылды. Сондай-ақ, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен күнделікті кеңестер өткізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *