29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Метка: ресми арналар арқылы ақпаратты тексеріңіз. Барлық сауалдарыңызға жауап алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне немесе байланыс орталығына хабарласыңыз.

мошенник

БЖЗҚ мамандары азаматтарға қоңырау соқпайды: алаяқтықтан қорғану әдістері

Соңғы кездерде БЖЗҚ салымшыларына қатысты алаяқтық әрекет жағдайлары орын алуда. Ол үшін әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап табылуда. Соның бірі - салымшылар мен алушыларға Қор қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, БЖЗҚ-ға зейнетақы аударымдары қате жасалғандығы, сол үшін оның бөлімшесіне бару қажеттігі және SMS арқылы хабарландыру тәсілімен кезекті электрондық брондауға мүмкіндігі бар екені туралы айтылады. Бұдан кейін алаяқтар телефонға келген талон нөмірін немесе кодты атап, растауды сұрайды. Осылайша олар сіздің банктік шоттарыңызға және жеке мәліметтеріңізге қол жеткізе алады. Мұндай алаяқтыққа жол бермеу үшін келесіні білгеніңіз маңызды: БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау соқпайды! Сондықтан қырағы болып, бөгде адамдарға ешқандай код бермеңіз. Сондай-ақ, бейтаныс сілтемелерге өтпе