Солтүстік Қазақстан облысы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне облыстағы ауылшаруашылық кәсіпорындарының бірінде дизельдік жанар-жағармайдың тұрақты түрде ұрланатыны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Петропавловск.news.
Жедел іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер тобы анықталды. Олар жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейтін 62, 54, 34 жастағы М.Жұмабаев ауданының тұрғындары екендігі анықталды. Полицейлер облыстық прокуратураның үйлестіруімен және 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, оларды Тайынша ауданы аумағында КамАЗ цистерналарынан жанармай ағызып жатқан жерінде ұстады.
– Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке маңызды шығын келтірілген. Ұрланған заттар тәркіленді. Іс сотқа жіберуге дайындалуда. Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында ұрлық жасағаны үшін күдіктілер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.