29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

СҚО полицейлері мен оқушылары есірткіге қарсы ең үлкен акцияны өткізді»

полицейские и школьник Петропавловска закрасили на улицах города наркограффити

СҚО полицейлері оқушылармен бірге есірткі граффитиін жою үшін ең ауқымды акция өткізді. Акцияға спортшылар мен қоғам өкілдері де қатысты.

собаки и полицейские Северо-Казахстанская областьБірінші лицейдің, Бірінші гимназияның және қалалық классикалық гимназияның 200-ге жуық жоғары сынып оқушылары есірткі граффитиін бояп жою үшін тәртіп сақшыларына көмекке келді. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұйымдастырған ауқымды іс-шараға көптеген жас петропавлдықтар белсенділік танытып, қатысып отыр.

полицейские и школьник Петропавловска закрасили на улицах города наркограффитиСондай-ақ «Стоп граффити» акциясын солтүстікқазақстандық спортшылар, жұртшылық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері – барлығы 250-ге жуық адам қолдады.

Қауіпті жазбаларды жоюға аттанбас бұрын жастар флешмоб өткізді. Ұйымшыл жастар «Нет наркотикам» деген сөзді құрап, тізіліп тұрды. Бұдан соң «Динамо» ДШСҚ спорт кешенінің алаңында қатысушыларға қажетті ақпарат беріліп, бояу құтылары таратылды.

полицейские и школьник Петропавловска закрасили на улицах города наркограффити10 топқа бөлінген жастар учаскелік инспекторлармен және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірге қаладағы әкімшілік учаскелердің аумақтарына аттанды. Тек алғашқы сағатта есірткі саудалаушы интернет-дүкендердің мекенжайлары көрсетілген 60-тан астам жазба жойылды.

— Жыл басынан облыста түрлі есірткі құқық бұзушылықтары үшін 78 адам жауапкершілікке тартылды, оның жартысынан астамы – 16 мен 25 жас аралығындағы жастар. Нашақорлық пен есірткі саудасына кіріп кетпеуі үшін жасөспірімдерді есірткіге қарсы іс-шараларға тарту біз үшін өте маңызды, — деп атап өтті СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Полиция полковнигі Мұхаметқалиев ағымдағы жылы СҚО-да полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 754 кг-нан астам түрлі есірткі, оның ішінде 5 кг 783 гр синтетикалық есірткі тәркілегенін хабарлады.

полицейские и школьник Петропавловска закрасили на улицах города наркограффити

Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *