Тәжікстаннан келген жеті әйел Петропавлдағы ҚТҚ полигонында заңсыз жұмыс істеп келген. Олардың ешқайсысы ҚР — ға кірген кезде келу мақсаты — жұмыс істеу екендігін көрсетпеген. Бұл фактіні қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері анықтады.
14 қазаннан бастап СҚО аумағында «Заңсыз келуші» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілуде. Полицейлердің тексеруінде — құрылыс нысандары мен базарлар, киім-кешек пен азық-түлік сататын орындар, теміржол және автовокзал, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және басқа да нысандар.
Жұмыс учаскелік полиция инспекторларымен, жедел қызметкерлермен, патрульдік полиция батальонының, қабылдап-таратқыш және әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі. Осы рейд аясында шетелдіктердің ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың тағы 9 фактісі анықталды.
Олардың қатарында коммерциялық нысан құрылысында Өзбекстанның екі азаматын заңсыз жұмысқа орналастыру және ҚР-да рұқсат құжаттарынсыз және уақытша тұруға рұқсатсыз жеміс сатқан Әзірбайжан азаматы бар.
«Шетелдіктерден елімізде болу ережелерін сақтауды сұраймыз», — дейді көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ермек Нұсұрбаев. — Облыста ЖПІШ алғашқы 3 күнінде шетелдіктердің көші-қон заңнамасын 147 бұзушылығы анықталды, 12 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды».
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі