Полиция қызметкерлері жүргізушілерге ЕСКЕРТЕДІ: күз мезгілінде дәстүрлі түрде жол-көлік оқиғаларының қаупі жол бойында ауыл шаруашылық жануарларының пайда болуына байланысты артады.
22 қазанға қараған түні Айыртау ауданының аумағында облыстық маңызы бар «Саумалкөл — Новоишим» автожолында, 29 жастағы «Kia Rio» жүргізушісі жолда жүгіріп бара жатқан атты соғып кеткен.
Ал Бірлестік ауылының маңындағы жергілікті маңызы бар автожолда, Көкшетау қаласынан келген 65 жастағы зейнеткердің басқаруымен «Toyota Hilux» автокөлігінің алдында бірден екі жылқы пайда болды.
Екі жағдайда да адамдар зардап шеккен жоқ. Машиналар механикалық зақымдану алды, жылқылар белгісіз бағытта қашып кеткен.
Бір апта бұрын М.Жұмабаев ауданының аумағында «Hyundai Creta» көлігі соғып кеткен екі сиыр қаза тапты. Көлік қатты зақымданды, жүргізуші зардап шеккен жоқ.
«Полиция қызметкерлері еркін жайылым фактілерінің алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде, алайда жүргізушілер түнгі уақытта жолда абай болу керек, қиын учаскелерде, елді мекендерге жақын жерлерде, «Мал айдау» белгілерін орнату орындарында жылдамдықты төмендету керек», — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин.
СҚО ПД баспасөз қызметі