СҚО әкімі Имантау-Шалқар курорттық аймағы қалай дамытылатынын айтты, деп хабарлайды Петропавловск.news.
Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, қолданыстағы 46 демалыс базасы 3,9 мың демалушыға арналған. Оның ішінде 9 нысан жыл бойы жұмыс істейді.
«Біздің міндетіміз – осындай демалыс орындарының санын көбейту. Инвесторлар жыл бойы эко-қонақүйлер мен глампингтер салу бойынша 16 жобаны іске асыруға кірісті. Біз курорттық аймақ ішіндегі жолдарды ретке келтіреміз», — деді аймақ басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Спорт пен мәдениет те дамып келеді. Атап айтқанда, Петропавлда үстел теннисінің заманауи орталығы, Қызылжар креативті индустрия орталығы ашылды.