29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

СҚО-да жыл сайын 700 км автожол жөнделеді

Жыл сайын СҚО-да кемінде 700 км автожол жөнделеді, деп хабарлайды Петропавловск.news.

Биыл 1 мың шақырымнан астам жол жөнделді, оның ішінде 208 шақырым республикалық, 630 шақырым жергілікті және 163 шақырым кентішілік жолдар. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, жыл қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 84% жеткізілді, республикалық жолдар бойынша – 87% дейін.

Сонымен қатар, биыл сумен жабдықтау объектілерін салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге 2022 жылмен салыстырғанда 2 есе көп қаражат жұмсалды. Жыл қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарының таза ауыз суға қолжетімділік көрсеткішін 93,3% дейін жеткізу жоспарлануда.

Биыл 1,5 мың шақырым электр желісі, 9 шақырым жылу желісі және 8 шақырым сумен жабдықтау желісі ауыстырылды. Қаланың солтүстік бөлігін тұрақты жылумен қамтамасыз ететін жылу магистралінің құрылысы жүргізілуде.

— ЖЭО-2-де 11 қазандық агрегат және 7 турбоагрегат жұмыс істейді. Қазан айында биіктігі 180 метр болатын жаңа мұржаның құрылысы аяқталды. Келесі жылыту маусымында пайдалануға береміз, – деді облыс басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *