29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

СҚО-да полицейлер жол шетіне қираған көлікті қойып, жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақырды

СҚО-да полицейлер жол шетіне қираған автокөлікті қойып, жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақырды, деп хабарлайды Петропавловск.news.

Мамлют ауданында полицейлер Мамлютка – Қостанай автожолының 469-шақырымындағы Покровка ауылының маңында жол-көлік апатының салдарынан қираған автокөлікті жол шетіне орнатты. Осы арқылы тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын, әсіресе аталған учаскеде жылдамдық режимін сақтауға шақырды.

Аталған учаске қауіпті болып есептеледі. Кейбір жүргізушілер жанар-жағармай құю станциясынан шыға берісте негізгі жолдағы көліктердің қозғалысына мән бермейді. Орташа есеппен бір жылда бұл жерде көліктер үш рет соқтығысады. Солардың бірі адам өлімімен аяқталды.

Сондай-ақ Мамлют ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Иса Мұстафиннің айтуынша, аудан арқылы өтетін жолдардың қауіпті учаскелерінде күннен қуат алатын батареялары бар стробоскоптар орнату жоспарланып отыр. Олардың міндеті – тәуліктің қараңғы уақытында жол-көлік оқиғаларының саны көп тіркелетіндіктен жүргізушілердің тәртібін арттыру.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мұндай шараларды біраздан бері қолданып келеді. Облыста патрульдік көлікьердің – 18, ал жануарлардың 27 макеті орнатылған. Бұдан бөлек, өңірде жаяу жүргіншілер өткелдерінің маңындағы балалардың макеттері де бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *