Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында бір күнде 3 мас тракторшы ұсталды. Учаскелік инспекторлар егін жинау кезінде жүргізушілердің ішімдік ішкенін анықтады.
Жамбыл ауданында учаскелік полиция инспекторы егін жинау кезінде трактор жүргізушілерінің түскі уақытта ішімдік ішуі мүмкін деген ақпарат алды. Тексеру барысында бұл ақпарат расталып, ауыларалық жолмен келе жатқан 50 және 39 жастағы екі жүргізушінің орта дәрежеде мас екені анықталды.
Сол күні «Учаске» жедел-алдын алу шарасы аясында полицейлер ішімдіктің иісі шығып тұрған 46 жастағы тракторшыны тоқтатты. Медициналық тексеру оның да мас күйде болғанын растады.
«Мұндай фактілермен күрес — жол қозғалысы қауіпсіздігінің негізгі мәселесі,» — деп мәлімдеді Жамбыл ауданы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Данияр Әбілев. Ол атап өткендей, өткен демалыс күндері ауданда 5 мас жүргізуші ұсталды, олардың бірі есірткіден масаң күйде болған.
Полиция жол қауіпсіздігін сақтау шараларын тұрақты негізде жүргізіп, бұл жұмысты облыстық полиция департаментінің басшылығы бақылауда ұстайды.