29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Петропавлда екі ағайынды наркобизнеске қатысты ұсталды

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен, полицияның арнайы жасағының және 6637 әскери бөлімінің жауынгерлерімен бірлесіп, Түркістан облысының екі тумасын ұстады. Олар есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінде буып-түюші болып жұмыс істеді деген күдікке ілінді. Жас жігіттер – 20 және 22 жастағы ағалы-інілілер.

Жеке тінту кезінде олардан ішінде ұнтақ тәрізді зат бар 55 түйіншек тәркіленді. Күдіктілер пайдаланған жалдамалы пәтерден тәртіп сақшылары ұқсас заттар мен есірткіні өлшеуге, буып-түюге арналған құрылғыларды тапты. Сонымен қатар ағайындылардың бірі көрсеткен орындардан полицейлер осындай түйіншектер салынған пакет пен жолқапшық тәркіледі.

– Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,5 келіге жуық грамды құраған α-PvP және мефедрон есірткі екенін көрсетті. Бұл СҚО-да тәркіленген ең ірі партиялардың бірі. Есірткіні аса ірі мөлшерде сатпақшы болған күдіктілер қамауға алынды. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *