Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі 2024 жылдың қыркүйегінде 260 мың тоннадан астам биылғы астық жөнелтті. Астық Қазақстан ішіне де, экспортқа да жіберілді.
2024 жылдың қыркүйек айында Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі арқылы 265,2 мың тонна биылғы егін немесе 3,8 мың вагон тиелді. Қазақстан ішінде 47,9 мың тонна астық тасымалданды, ал экспортқа 217,3 мың тонна немесе 3,2 мың вагон жөнелтілді.
Орталық Азия елдеріне 124 мың тонна, ал Қытайға 9,7 мың тонна Қостанай астығы жіберілді. Астық тасымалы үшін 19 астық маршруты құрылды, оның 10-ы Орталық Азия елдеріне, ал 2 маршрут Қытайға бағытталды. Сонымен қатар, 17 контейнерлік астық маршруты ұйымдастырылып, 604 платформаға 1059 контейнер тиелді.
Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі биылғы астықты үздіксіз жөнелту мақсатында аймақтық астық штабын құрып, тәулік бойы жедел астық топтарының жұмысын ұйымдастырды. Жұмыс тиімділігін арттыру үшін қосымша маневрлік локомотивтер мен құраушы бригадалар, тауарлық кассирлер және жүк қабылдап-тапсырушылар саны көбейтілді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі