29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Әйелдерге арналған вагон қызметін осы жазда 70 мыңнан астам жолаушы таңдады

женские вагоны в РК

**Әйелдерге арналған вагон қызметін осы жазда 70 мыңнан астам жолаушы таңдады**

2024 жылдың жазғы маусымында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарындағы әйелдерге арналған вагондарымен 70 мыңнан астам жолаушы сапарға шықты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда едәуір өсті, 2023 жылдың маусым-тамыз айларында бұл қызметті 55 мыңнан астам әйел пайдаланған болатын.

Әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша қызметтің танымалдығы артып, биылғы жылы қосымша үш бағытта әйелдер вагондары іске қосылды. Қазіргі таңда әйелдерге арналған вагондар келесі 11 бағытта қатынайды:

— №354/353 «Астана – Семей»,
— №24/23 «Ақтөбе – Алматы»,
— №25/26 «Алматы – Шымкент»,
— №77/78 «Алматы – Маңғыстау»,
— №351/352 «Алматы – Өскемен»,
— №45/46 «Павлодар – Түркістан»,
— №37/38 «Маңғыстау – Семей»,
— №47/48 «Атырау – Астана»,
— №33/34 «Ақтөбе – Алматы-1»,
— №4/3 «Астана – Алматы-2»,
— №71/72 «Астана – Шымкент».

Әйелдерге арналған вагондарда билеттердің бағасы стандартты вагондардағыдай, бұл қызметтің барлық әйелдерге қолжетімді болуына мүмкіндік береді. Билеттер тек әйелдерге сатылады, бірақ жеті жасқа дейінгі ұл балаларға да бұл вагондарда анасының қасында саяхаттауға рұқсат етілген. Вагондарда тек әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді, бұл жолаушылардың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Әйелдерге арналған вагондарға билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе теміржол вокзалдарындағы кассалардан сатып алуға болады. Билеттер болмаған жағдайда, жолаушылар «Күту парағы» тегін қызметін пайдалана алады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *