29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

Қарағанды мен Мәскеу арасындағы жолаушылар пойызының қатынасы 2024 жылдың желтоқсанында қайта жанданады

С 17 декабря 2024 года международный скорый поезд №83/84 по маршруту «Караганды-Москва» возобновит курсирование периодичностью два раза в неделю

2024 жылдың 17 желтоқсанынан бастап «Қарағанды — Мәскеу» бағытындағы №83/84 халықаралық жолаушылар пойызы аптасына екі рет қатынайды. Қарағандыдан сейсенбі және сенбі күндері, ал Мәскеуден кері бағытта жұма және сейсенбі күндері жөнелтілуі жоспарланған.
Пойыз Қарағанды, Астана, Көкшетау, Петропавл, Челябі, Уфа, Самара, Пенза және Мәскеу сияқты ірі қалаларда аялдайды.

Пойызда купе және плацкарт вагондары, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы орындар қарастырылған.

Билеттерді жөнелтуге 45 күн қалғанда bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзалдардағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан сатып алуға болады. Тасымалдау ережелері, кесте және билет сатып алу туралы толық ақпаратты 1433 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram аккаунтынан білуге болады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *