29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

СҚО-да полиция қызметкерлері Республика күніне арналған шығармашылық байқау өткізді

Творческий конкурс посвятили полицейские в СКО приближающемуся Дню Республики

Қызметкерлердің өзін-өзі дамытуға және танытуына жағдай жасау — Солтүстік Қазақстаноблысы полиция департаментінің басшылығы жүргізетін тәрбие жұмысының бағыттарының бірі.

Осы мақсатта Республика күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде «Міндет! Абырой! Ерлік!» атты шығармашылық көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды.

Қатысушылар қазылар алқасының назарына қазіргі заманғы патриоттық әндер мен уақытсынынан өткен көптеген ұрпақтың хиттері мемлекеттік және орыс тілдерінде 12 вокалдық нөмірұсынды.

Зал Қүләш Ахметованың «сен қазақсың», Виктор Цойдың «Кукушка» әндері және Тайыншаауданының полиция бөлімінің аға тергеушісі Жамалдин Сүлейменовтың орындауындағы НұрланАлимжановтың «Қазақстан» композициясын қолдады. Соңғы сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды місе тұтты.

Екінші орын «Көк бөрі» композициясымен Жамбыл ауданы полиция бөлімінің учаскелікинспекторы Мейірбек Құрманов пен жедел уәкіл Ғизат Қошановқа бұйырды. Үшінші орынды «Саржайлау» әнін орындадаған Аққайың полиция бөлімі кеңсесінің технигі Гүлденай Бимендинаға бұйырды.

Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларына грамоталар мен естелік сыйлықтар табысетілді. Қазылар алқасының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Мейрам Әбікеев байқау қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін ашуға ғана емес, сондай-ақ жұмыс ұжымдарын біріктіруге, патриотизм мен таңдаған мамандығын мақтаныш етуге қызмет ететініне сенім білдірді.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *