29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

СҚО-да полицейлер күдіктіден ішінде есірткі бар 190 түйіншек тәркіледі

наркотики Северо-Казахстанская область

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 28 жастағыпетропавлдықтан аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіледі. Ол Жұмабаев көшесіндеұсталды. Жеке тінту кезінде тәртіп сақшылары оның қалтасынан дозаларға бөлінген α-PvPесірткісі салынған 190 түйіншек тауып тәркіледі.

Күдіктінің жалдамалы пәтерінен «синтетика» салынған пакет, сондай-ақ буып-түюге арналған электрондық таразы, «зиплок» пакеттері, изолента, жазбалары бар дәптер, сондай-ақ АҚШ доллары мен Түрік лиралары тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, ол шетел валютасын«коллекциялаған».

«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 205 грамнан асты. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Бұл шамамен бір реттік 1200 доза – нашақорлыққа бүкіл мектепті тарту үшін жеткілікті. Қазіргіуақытта ұсталған адам қамауда. Өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткіні сақтағаны үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — дейді СҚО ПД бастығыныңорынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев.

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *