29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

СҚО полиция департаментінде жаңа кадрлық тағайындаулар өтті

назначения в ДП СКО

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде жаңа кадрлық тағайындаулар орын алды. Ғабдуллин Әлібек СҚО ПД жергілікті полиция қызметін басқаруға кірісті, ал Қайырбек Баймонкенов оның орнына Петропавл қаласы полиция басқармасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде жаңа кадрлық өзгерістер орын алды. Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған полиция подполковнигі Ғабдуллин Әлібек Айдарханұлы енді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Әлібек Ғабдуллин ішкі істер органдарында 2002 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол Қостанай заң институтын тәмамдап, қызмет жолын учаскелік полиция инспекторы ретінде бастаған. Оның орнына полиция майоры Баймонкенов Қайырбек Дәулетханұлы тағайындалды. Баймонкенов бұған дейін Петропавл қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының бастығы қызметін атқарған.

Қайырбек Баймонкенов ішкі істер органдарында 2009 жылдан бері қызмет етеді. Ол Шымкент қаласындағы ҚР ІІМ Оқу орталығында білім алып, полициядағы қызметін кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспектор ретінде бастаған.

Сонымен қатар, Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімінің бастығы болып полиция полковнигі Асан Қайдарұлы Мейрамов тағайындалды. Бұған дейін ол Жамбыл ауданының полиция басқармасын басқарған. Асан Мейрамов 1996 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп, жедел жұмыс саласында мол тәжірибе жинақтаған.

Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *