Солтүстік Қазақстан облысында әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды Авторы Үміткүл Нұр 29 Қараша 2024 ж., 14:10 жарияланған 60 СҚО-да полицейлер әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау бойынша шеберлік сабағын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Петропавловск.news.
«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау бойынша мастер-класс ұйымдастырды. «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының базасында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері мен Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы облыстық филиалының әйелдер жаттықтырушылар құрамы өзін-өзі қорғаудың базалық тәсілдерін көрсетіп, жанжалды жағдайлардан қалай аулақ болу керектігін айтып берді.
Мастер-класқа 40-қа жуық әйел мен қыз-келіншектер, қоғам қайраткерлері мен жастар ресурстық орталығының өкілдері жиналды.Олар көбінесе отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша полиция рейдтеріне қатысады.
– Солтүстік Қазақстан облысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың, оның ішінде ұрып-соғу немесе дене жарақатын салу фактілері күн сайын дерлік тіркеледі. Осы сабақтан кейін біздің қонақтар қоғамдық міндеттерді орындау кезінде өздерін сенімді сезініп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегетін әйелдерге қауіпсіз мінез-құлық негіздерін жеткізе алады деген үміттеміз, – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы Әсем Ілиясова.
Тәртіп сақшылары жанжал орын алған жағдайларда ең бастысы — қақтығысты шиеленістірмей, жанжалқойдан не ғұрлым қашық болуға, адамдар көп жиналатын, жақсы жарықтандырылған жерге баруға тырысуға және мүмкіндігінше тезірек «102» телефоны арқылы, қоғамдық жерде орнатылған «SOS» батырмасының көмегімен немесе «102»мобильді қосымшасы арқылы полицияға хабарласу керек екенін атап көрсетеді.